03.11.2014

ММУ Қазақстан филиалында «Постмодерншілдік тарихы мен теориясы» ғылыми семинары болып, оған ММУ оқытушылары мен филолог студенттері қатысты


Ғылыми семинар

Өткен дүйсенжіде, 2014 жылдың 3 қарашасында, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Постмодерншілдік тарихы мен теориясы» ғылыми семинары болып, оған ММУ оқытушылары мен филолог студенттері қатысты.

Әуесшіл, кез келген жаңалыққа дайын тұратын филологтерді жаңа және қазіргі заман әдебиетінің тамаша маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Павел Евсеевич Спиваковский дәрісімен тәнті етті. Мұндай мүмкіндік әркімге беріле бермейді, сондықтан семинарға әр курстың студенттері де, филология кафедрасының оқытушылары да қатысты. Павел Евсеевич ақырындап бастап көп ұзамай-ақ қатысып отырғандарды постмодерншілдік құбылысы туралы, оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы шындап ойлануға мәжбүр қылды.

Еш құпиясы жоқ, көптеген филолог өздерніе жайлы да үйреншікті XVIII - XIX ғасырлар әдебиетіне басымдық беруге бейім. Сондықтан постмодерншілдік туралы сөзді демдерін ішіне тарта тыңдады. Қазіргі әдеби шығармашылықтың өткір де батыл әлеміне жаңа тұрғыдан қараудың сәті келе бермейді ғой. Ысылмаған бөгде адам постмодерншілдік туралы дәріс әдебиеттегі бейпіл сөздер, ойнастық, зорлық сияқты екіұдай құбылыстарға арналар деп ойлап қалуы да мүмкін. Алайда семинарда терең ой ыңғайын талап ететін аса зор проблемалар қозғалды. Ойға азық болар осындай үлестен соң постмодерншілдікке лайықты құрметпен қарамау мүмкін емес. Сөз жоқ, студенттер әдебиетке деген көзқарастарын өзгертетін әлдебір жаңа әсер, жаңаша ой тапты.


Мәтін: Глеб Братцев