М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
24.05.2023

Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметкерлерімен кездесу



2023 жылғы 22 мамырда Ресей Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері мен ММУ Қазақстан филиалының студенттерінің – халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздарының кездесуі болып өтті. Филиал студенттерімен кездесуге В.Л. Андрианов - білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру департаменті басшысының орынбасары; М.А. Качян –халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші кеңесшісі; В.П. Павлова – «Интеробразование» орталығының кәсіптік білім берудегі халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы қатысты.







«Математика» бағытының 4 курс студенті Талант Талипов «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттары бойынша оқып жүрген студенттердің солтүстік елдер университеттерінің математикалық олимпиадасына қатысқандығы жөнінде айтып берді. Оның атап көрсетуінше, Филиал студенттерінің математика пәні бойынша жыл сайын өтетін түрлі халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысуы дәстүрге айналған. Биыл солтүстік елдер университеттері олимпиадасының қорытындысы бойынша Филиалымыздың студенттері екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған болатын.


 

«Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті Аңсар Хангелдиннің Google компаниясындағы студенттік бағдарлама әзірлеушілер клубының жұмысы туралы айтқан сөзі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Әзірлеушілер клубы – Филиал студенттері үшін өз білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдану мүмкіндігі. Сонымен бірге, клуб арқылы оқып жүрген кезеңнен бастап өз болашақ кәсіби қызметінің траекториясын анықтаудың бірегей мүмкіндігі деп саналады.


«Экономика» мамандығының магистранттары Лейла Джунусова мен Алима Мұхамедиева халықаралық ғылыми жұмыстар конкурстары мен кейс-чемпионаттарға қатысу тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуынша, табысты болудың маңызды жолы әрдайым бір қадам алда болып, өзіңнің ғылыми салаң бойынша әрдайым бастамашыл болу керек.




«Орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша республикалық студенттік олимпиаданың жеңімпазы, «Филология» бағытының 3 курс студенті Данил Морозов таланттылықтың табиғаты туралы сұраққа жауап берді. Оның пікірінше, кез келген дарынды студент үшін жарыстар мен ғылыми конкурстарға қатысу маңызды болып табылады. Өйткені сондай шаралар барысында талантты адам өзінің жетістіктеріне сырт көзбн қарап, әлсіз жақтарын тани алады.



Кездесу соңында қонақтар студенттерге әңгімелері үшін және пікір алмасуға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын айтып, жеке өмірлерінде және оқып жатқан мамандықтары саласында жаңа жеңістер көп болуын тіледі.


Фото: Зиядин Әлихан


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.