Жыл сайын 24 мамыр күні славян әліпбиін жасаушылар Кирилл мен Мефодийге арналған Славян әдебиеті мен мәдениеті күні аталып өтіледі. Филология кафедрасы ММУ Қазақстан филиалындағы осы күнге арналған іс-шараның дәстүрлі ұйымдастырушылары болып табылады.
Биыл аталған мереке Астанадағы «Русский дом» мекемесінде өткізілді. Жиналғандарды «Русский дом» өкілі К.П. Воробьев қарсы алды. «Бүгін - славян әдебиеті мен мәдениетінің күні. Бұл - апостолдармн тең деуге болатын әулиелер Кирилл мен Мефодийдің мерекесі. Бұл жай ғана славян халықтарының бірлігінің мерекесі емес, славян халықтарының әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін еске алу күні», - деп атап өтті К.П. Воробьев. Қатысушылардың барлығын аталмыш мерекемен құттықтап, студенттерге алдағы сессияны сәтті аяқтауына тілек білдіре отырып, Константин Павлович филология кафедрасына А.С. Пушкин «Евгений Онегин» романының иллюстрацияланған түсініктемелері бар басылымды сыйға тартты. .
Осыдан соң ағайынды ағартушылардың өмірі мен қызметі туралы Қазақстан филиалының филология кафедрасының доценті С.М. Треблер баяндама жасады. Ол глаголица мен кириллица әліпбилерінің жасалу тарихы туралы, Кирилл мен Мефодий өмір сүрген тарихи шындықтар туралы жан-жақты әңгімлеп берді.
Оқытушы Н.А. Иванова жетекшілік ететін «Берегиня» фольклорлық ансамблі осы іс-шараға қатысқандарға арнап шағын есеп беру концертін ұсынды. Филология факультетінің 1 курс студенттері орыс халық әндерін орындап, дөңгелей билеп, әзіл қойылымдар көрсетті. Ал кадриль биін орындау барысында бірінші курс студенттеріне 2 курс студенттері де қосылды.
Мерекелік кездесудің аяғында 1 және 2 курс студенттеріне «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын ұсынылды. Оны ұйымдастырған филология кафедрасының оқытушылары А.М. Чепкова мен Е.С. Воронова болатын. Ойындағы сұрақтар базалық филологиялық пәндер бойынша алдағы күндері сынақтар мен емтихан тапсырулары керек студенттер үшін білім сынағы сияқты болды. Ойынға алты команда қатысып, жеңімпаз команданың қатысушыларына Астанадағы «Русский домнан» естелік сыйлықтар берілді.
Славян әдебиеті мен мәдениеті күнін тойлау филология факультеті студенттерінің славян әліпбиінің қалыптасу тарихы және славян халықтарының біртұтас мәдени кеңістігінің қалыптасуы туралы білімдерін жетілдірді және нығайтады.
Мәтін: Филология кафедрасы
Фото: Астанадағы «Русский дом»