ММУ Қазақстан филиалында Жас ММУ мектебінде 2023 жылғы 1 ақпан мен 25 мамыр аралығында сабақтар өткізілген болатын. Мәскеу университетінің бұл бірегей жобасы Филиал базасында алғаш рет жүзеге асырылды және оқушылардың қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, болашақ мамандығына қызығушылықтарын қалыптастырып, ММУ Қазақстан филиалы мен Мәскеу университетінде одан әрі білімін жалғастыруда өз бағдарларын таңдауына арналады.
Оқу сабақтары дәрістер, практикалық сабақтар және зертханалық жұмыстар, семинарлар және басқа да университеттік оқу түрлері негізінде іске асырылды. Сонымен қатар оқушылардың өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және оқытушылардың жетекшілігімен далалық зерттеулер жасау түрлері де қолданылды.
Астана қаласындағы оқушылар өздерінің мүмкіндіктерін сынау үшін актуалды математикалық есептерді шешіп, бағдарламалар құрастырып, филологиялық білімдерін шыңдап, экологиялық мәселелерді талқылап үйренді.
Жас математиктер математикалық индукция әдісін, комбинаторика элементтері мен Евклид алгоритмін және кешенді сандарды қолданып олимпиадалық есептерді шығару тәжірибесін меңгерді.
Жас бағдарламашылар өздері үшін бағдарламалау негіздерін ашты және алгоритмдер құрып, талдау жасады, IT-технологиялар саласындағы білімдерін тереңдетті. Оқу барысында ең сұраныстағы бағдарлама құру тілін үйренді, деректер құрылымы типтерімен, іргелі алгоритмдермен бағдарлама құру ерекшеліктерімен танысты.
Жас филологтар қазіргі орыс тілінің әртүрлі деңгейлерін оқып білді, көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әдебиеттің даму кезеңдерімен танысып, өздерінің шешендіктерін жетілдірді, көркем шығарма мәтіндерін талдауды үйренді. Мектептегі сабақтың соңы конференцияға ұласты. Онда ЖФМ түлектері көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберліктерін көрсетіп, көпшілікті өзіндік жұмыстарының нәтижесін таныстырып, баяндамалар жасады.
Жас экологтар ғылыми-зерттеу жұмысының практикалық әдістерімен танысты, табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелерін талқылады, қауіпті табиғи процестердің пайда болу тетіктерін танып-білді және олардың географиясы мен солармен байланысты тәуекелдер туралы тақырыптарды үйренді.
Қазақстан филиалындағы Жас ММУ мектебінің алғашқы түлектерінің пікірлерінше, осында оқу арқылы өздері таңдаған пән саласы бойынша білімдерін тереңдетті.
Жас ММУ мектебінің барлық түлектерін құттықтаймыз және оларды келесі оқу жылында күтеміз!
Фото: K.С. Байрактар, А.М. Чепкова