2015 жылдың 1 наурызынан 2 сәуіріне шейін Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық жылсайынғы конкурсының II кезеңі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде 39 мамандық бойынша өткізілді. Оған Қазақстанның барлық жерінен 754 ғылыми-зерттеу жұмысы қатысты. Конкурстың 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін Филиалда өткізілген I кезеңінің қорытындысы ІІ кезеңге студенттердің үздік жұмыстары жолданған болатын.
Солардың арасынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдары, ескерткіш сыйлықтармен марапатталуға мыналар ұсынылды:
II орын – Талапқызы Құралай (3-курс; тақырыбы: «Қостілді кеңістіктегі қазақ-орыс тілдік интерференциясы»; ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының доценті С.М. Треблер)
II орын – Шөкетаева Надира (2-курс; тақырыбы: «Бір бейжелілі реккурентті жалғастықтың келімі туралы»; ғылыми жетекшісі – ММУ ҚФ математика және ақпараттану кафедрасының ассистенті А.Ж. Баев)
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, мұнан да былай жетістіктер тілейміз!
Мәтін: Юлия Скрынтовская
Фото: А. Ахметуллин