16.04.2015

Филиал директоры профессор А.В. Сидорович «Еуразияның экономикалық болашағы» Үшінші халықаралық форумына қатысты


16 сәуір 2015 ж. күні Санкт-Петербургте «Еуразияның экономикалық болашағы» Үшінші халықаралық форумы болды. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович Форумның «Сенімнің әлемдегі дағдарысы жағдайындағы жалпы еуразиялық гуманитарлық кеңістік» тақырыпты дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Форумға ЕАЭО қатысушы елдері мен ТМД елдері парламенттерінің басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының мүшелері, Университеттердің еуразиялық ассоциациясына мүше жетекші университеттердің ректорлары, сондай-ақ экономикашылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Форумның жалпы мәжілісі Мемлекеттік Дума спикері Сергей Нарышкиннің сөзімен ашылды.