2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Тенгри» әдеби клубының алғашқы ашық отырысы өткізілді. Оның құрметті қонағы ММУ филология факультеті орыс әдебиеті тарихы кафедрасының доценті Николай Георгиевич Мельников болды. Отырыстың негізгі тақырыбы – сын және оның түрлері. Дәріс барысында белгілі орыс жазушылары В.В. Набоков, И.А.Бунин, Н.Г.Мельниковтың әдеби шығармашалықұтары туралы сын шығармаларының жинақтары мен мақалалары көрсетілді. Сонымен бірге ол тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, клубтың нәтижелі жұмысы үшін өзінің тың идеяларымен бөлісті.
Филология кафедрасының меңгерушісі және әдеби клубтың үйлестірушісі Г.И. Власова бірінші курс студенттерін «Тенгри» клубының тарихымен таныстырып, жарияланған жинақтарды көрсетті және болашақ альманахпен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Ол клуб отырысында жаңа төраға – филология факультетінің 2 курс студенті Константин Шевченконы, сонымен қатар клубтың белсенді мүшелері Ксения Овчинникованы, Ева Окманды және Данил Морозовты таныстырды.
Бірінші курс студенттерін «Тенгри» әдеби клубына қабылдаудың бірегей рәсімі олардың ақындық шығармашылығын көрсету болды. Филология факультетінің 1 курс студенті Александр Цындря өзінің «Адамның жанарында жасырынған сыр көп» өлеңін оқып, «Тенгри» клубына бірінші болып мүшелікке қабылданды. Үйірмеге Александрдан басқа тағы екі бірінші курс студенті – Анель Набиева мен Карина Великанова қосылды. Клубтың құрамы әлі толық жасақталған жоқ және ол біртіндеп толықтырылады.
«Тенгри» әдеби клубы баршаңызды ақын-прозашылардың қатарына қосылуға шақырады. Үлкен шығармашылық талабы бар дарынды және жалынды ақыл-ой иелері бірдей дарынды таланттар қауымдастығын, кәсіби мамандардың қолдауын және дана басшылығымен жаңа таланттарды табуға мүдделі.