28.09.2023

Филиал студенттік кеңесінің жаңа құрамы


26 қыркүйекте ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидоровичтің қатысуымен Студенттердің жаңа құрамын сайлауға арналған Филиалдың белсенді студенттердің жиналысы өткізілді. Онда 2023-2024 оқу жылында студенттік өмірді ұйымдастыратын Филиалдың Студенттер кеңесі сайланды.






Кездесуде Студенттік кеңес мүшелігіне ұсынылған кандидаттары өздерінің алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Олар өз таныстырылымында Филиал студенттерін толғандыратын мәселелер, бірлесіп шешкісі келетін міндеттер мен жаңа бастамалар жөнінде айтты, соның ішінде: әлеуметтік желілерге арналған апта сайынғы «ОлДәлБіледі» айдары, оқытушылармен бірге өткізілетін «Не? Қайда? Қашан?», оқудан төмен деңгейде келе атқан студенттерге тәлімгерлік көрсету, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыру сияқты тағы басқа қызықты іс-шараларды таныстырды.



Студенттік кеңеске ұсынылған кандидатуралар бірауыздан қолдау тапты. Нәтижесінде, Студенттік кеңестің төрағасы мен сектор меңгерушілері сайланды:


1. Анастасия Девяткина (Э-22) – Филиалдың студенттік кеңесінің төрайымы;

 

2. Дариға Мұсалы (Э-21) – Төрағаның орынбасары;

 

3. Татьяна Гобина (Э-22) – Төрағаның орынбасары;

 

4. Коннов Андрей (Г-21) – білім беру секторының меңгерушісі;

 

5. Дарья Боброва (Г-21) – ғылыми-зерттеу секторының меңгерушісі;

 

6. Овчинникова Ксения (Ф-21) – мәдениет секторының меңгерушісі;

 

7. Артемий Рыбалко (Э-21) – спорт секторының меңгерушісі;

 

8. Мукаева Алина (Ф-21) – қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі;

 

9. Татьяна Салыгина (Э-22) – тұрғын үй секторының меңгерушісі;

 

10. Ева Окман (Ф-21) – студенттік кеңестің хатшысы.


Студенттік кеңестің жаңа төрағасы Анастасия Девяткина Филиал студенттеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айта отырып, кездесуге қатысушыларды биылғы жылы Студенттік кеңестің жұмысы жаңа деңгейге көтерілетінін, Студенттік кеңестің жаңа құрамы студенттерге сенімін ақтайтынын айтты. Филиалдағы студенттік өмірдің жарқын және қызықты болуы үшін барлық күш-жігерімді Филиалдың әрбір студенті белсенді студенттердің көмегі мен қолдауын сезіндім.


Кездесу соңында Александр Владимирович Сидорович белсенді студент жастардың бастамаларын, олардың тың идеялары мен ұсыныстарын қолдап, Филиалымыздың Студенттік кеңесінің жаңа құрамына табыс пен сәттілік тіледі!



Мәтін: Анна Харлова (Ф-21).