05.10.2023

ММУ Қазақстан филиалы «Functional Analysis in Interdisciplinary Applications» атты халықаралық конференцияға қатысты




2023 жылғы 2-7 қазан аралығында Анталияда (Түркия) «Functional Analysis in Interdisciplinary Applications»» (FAIA 2023) Халықаралық математикалық конференциясы өтуде. Конференцияны Бахчешехир университеті (Түркия), Гент университеті (Бельгия) және Математика және математикалық модельдеу институты (Қазақстан) бірлесіп өткізуде. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Болгария, Ұлыбритания және Бельгияның математиктері қатысты. Конференцияға Қазақстан филиалынан іргелі және қолданбалы математика кафедрасының өкілдері қатысты.


Муканов А.


Нурсултанов Е.


Акпан Д.





2 қазанда Іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті Асхат Бірлесұлы Мұқанов «On Hardy-Littlewood theorem» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама профессор Ерлан Дәуітбекұлы Нұрсұлтановпен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша дайындалды. Филиал түлегі, қазір Мәскеу университетінің механика-математика факультетінің 2-курс магистранты Ақпан Дінмұхаммед те конференцияға «Ниженхуйс геометриясы және геодезиялық эквивалентті метрика» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.


Мәтін және сурет: Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы