2023 жылғы 19 қазанда «Филология» бағытының 1 курс студенттері оқытушылардың жетекшілігімен Ескек арнасының жағалауындағы А.С. Пушкин ескерткішінің жанындағы дәстүрлі кездесуде бас қосты. Биылғы кездесуге «Экономика» мамандығының студенті Бақтияр Ысқақов та қатысты.
Жиын дәстүрлі «Сәлем, Пушкин!» деп ашылды және ескерткішке күзгі хризантема гүл шоғы қоылды. Филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова бірінші курс студенттеріне ескерткішке жылына екі рет: 19 қазанда және 6 маусымда барудың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бар екендігі жөнінде айтып берді.
19 қазан Лицеистер күні ретінде аталып өтіледі, оның шығу тегі ақын оқыған әйгілі Царское село лицейінің тарихымен байланысты. Г.И. Власова студенттерді ескерткішке болашақта кәсіптік және шығармашылықпен айналысуға байланысты маңызды тілектер айтуға шақырды.
Ескек арнасындағы ескерткіштің тарихы туралы филология кафедрасының профессоры Т.В. Кривощапова баяндап берді.
– Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында Пушкинге ескерткіш орнатылған, біріншісі – 1937 жылы Ақтөбедегі қалалық саябақта орнатылған ескерткіш. Астанадағы ескерткіш ақынның 200 жылдық мерейтойында 1999 жылы орнатылып, алғашында басқа жерде орналасқан. Ескерткіштің Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратының жанына орнатылуы тіпті көше атын өзгертуге себеп болды. Ал бүгін Пушкин осында, біздің қасымызда «тұрады», - деп атап өтті профессор Кривощапова.
Филология кафедрасының оқытушысы Н. С. Афанасьева Царскосельскийдегі лицейдің тарихы, ерекше лицейлік бауырлар мен дәстүрлер туралы, Лицеистер күнін жыл сайын Пушкин мен оның достарының тойлайтындығы жөнінде айтып берді.
Студенттер ақынның лицей мен Пушкиннің лицейдегі достарына арнаған өлеңдерін оқыды, балаларға ерекше ұнаған басқа да өлеңдер оқылды.
Пушкинмен қоштаса отырып, студенттер жазда ұлы ақынның туған күнінде тағы да кездесуге уәде берді!