26.10.2023

ММУ жастар мектебіндегі «Ғылым 0+ фестивалі»


ММУ Қазақстан филиалы «Ғылым фестивалі 0+»-ке қатысады, оның мақсаты - ғылымды қоғамда кең насихаттау, ғылыми жетістіктер мен зерттеулерге қызығушылықты арттыру, жастарды ғылымға тарту, сондай-ақ оқушылар арасында ғылыми шығармашылықты дамыту. 2023 жылғы қазан айынан басталған ММУ Қазақстан филиалындағы «Ғылым фестивалі 0+» аясында 9-11 сынып оқушыларымен сабақтар өткізілді.




2023 жылғы 9 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Жас филологтар мектебі өз жұмысын бастады. Мектеп оқушыларын құттықтап Филиалдың филология кафедрасының аға оқытушысы, Филиалдың Жас мектебінің жетекшісі Брянская Маргарита Александровна сөз сөйледі.

 

Маргарита Александровна «Ғылым фестивалі 0+» жобасы туралы және Филиалда қандай дәстүрлі ғылыми конференциялар өткізілетіні туралы айтып берді. М.А. Брянская жақын арада Жас филологтар мектебінің тыңдаушылары да оның студленттері ретінде ғылыми іс-шараларға қатыса алады деген үмітін білдірді.


Қорытындылай келе, Маргарита Александровна балалардың назарын Жас филологтар мектебі жұмысының кезеңі есеп беру конференциясымен қорытындылатыны туралы айтты. Онда мектептің әрбір оқушысы филология саласындағы өзін қызықтыратын мәселе туралы көбірек айта алады.


2023 жылдың 11 қазанында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының жас математиктер мектебі өз жұмысын бастады


Жас математиктер мектебінің жетекшісі – Филиалдың іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті Мұқанов Асхат Бірлесұлы.


Мектептің бірінші сабағында Асхат Бірлесұлы «Ғылым фестивалі 0+» жобасы туралы, оның алаңдарының бірі ММУ Қазақстан филиалы болып табылатыны туралы айтып өтті. А.Б. Мұқанов заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктар, GPS-навигаторлары, банк карталары мысалдарын қолдана отырып, математиканың күнделікті өмірде қолданылатындығын дәлелді түрде көрсетті. Сондай-ақ, мектепке қатысушыларға mccme.ru және etudes.ru ғылыми-танымдық және білім беру сайттары көрсетілді. Бұл сайттардан мектеп оқушылары әртүрлі математикалық фактілердің тамаша көріністері мен 3D модельдерін, осы фактілердің мәнін тамаша ашып беретін мектеп және жоғары математиканың теоремаларын таба алады. Сондай-ақ осы сайттан математиканы тереңдетіп оқытуға арналған қызықты есептерді, ғылыми-көпшілік журналдардың сайттарына әртүрлі сілтемелерді, оқушыларға арналған ғылыми конференциялар мен олимпиадаларды және басқа да көптеген қызықты нәрселерді табуға болады.


Сөз соңында Мектеп қатысушыларына іргелі немесе қолданбалы математиканың әртүрлі салаларында ғылыми маман болу үшін қажетті математиканың әртүрлі пәндері бойынша негізгі іргелі білім алуға Филиал студенттерінің толық мүмкіндігі бар екені айтылды.


2023 жылғы 13 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Жас бағдарламашылар мектебі өз жұмысын бастады.


Жас бағдарламашылар мектебіндегі алғашқы сабақты математикалық модельдеу кафедрасының ассистенті, ЖБМ жетекшісі Назымбеков Сұлтан Рүстемұлы жүргізді.


Сұлтан Рүстемұлы IT саласында, атап айтқанда, бағдарламалау тілдерін меңгеру үшін қажетті білім алудың болашағы туралы тоқталды. Мектеп оқушылары қазіргі заманғы қандай мәселелер мен міндеттер бағдарламалау білімін қажет ететінін және болашақта олардың сұранысы неге артатынын білді. Мысалдар негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жасанды интеллект пен нейрондық желілерді дамыту, ақпаратты қорғау, машиналық оқыту, параллельді бағдарламалау, ойын әзірлеу және т.б. әзірленген бағдарламалар түсіндірілді.


Белгілі ChatGPT нейрондық желісінің мысалын пайдалана отырып, С.Р. Назымбеков қазіргі әлемде жасанды интеллект дамуының маңыздылығын көрсетіп, бұл технологияны меңгеру неліктен бағдарламалау және қолданбалы математика саласындағы білімді қажет ететінін көрсетті.


Осылайша, Филиал оқытушылары ғылыми конференциялар мен жобалар, қазіргі әлемдегі ғылымның маңыздылығы туралы айтқан алғашқы сабақтар мектеп оқушылары арасында ғылымды насихаттауға арналды.