2023 жылғы 16 қазан мен 21 қазан аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы күніне арналған дәстүрлі Қазақ тілі апталығы өтті. Апталықтың іс-шараларына оқудың барлық бағыттарынан 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Қазақ тілі апталығының мақсаты – Филиал студенттері арасында қазақ тілі мен халықтың мәдени мұрасын оқып-үйрену арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін филология кафедрасы қазақ тілі секциясының оқытушылары ашық іс-шаралар кезінде ғана емес, аудиториялық жұмыс аясында да жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Апталық барысында студенттер де қазақ тілінде өздерінің дайындық деңгейін бағалап, сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.
Қазақ тілі апталығы «Мен қазақша сөйлеймін» атты іс-шарамен ашылды, оған студенттер, оқытушылар және филиал қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар -«Филология» мамандығының 2 курс студенттері. Акцияға қатысушылар Қазақстан тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы қазақ тілінде қойылған сұрақтарға жауап берді.
Студенттер жалпы диктантқа да қатысты, онда ең жақсы нәтижелерді Әбдіразақов Арсен (М-11), Зуева Дарья (М-11), Алпысбаева Дана (М-11); Рауна Жикемұратова (Г-21), Дияра Мадиомар (Ф-21), Мөлдір Жұмахан (Э-11) көрсетті.
16 қазан күні «Экономика» бағытының 1 курс студенттері аға оқытушы Қ.М. Қажыбаеваның жетекшілігімен 7 кезеңнен тұратын «Ойкөкпар» интеллектуалдық сайысын өткізді. Студенттер сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, мемлекеттік тілді өте жақсы меңгергенін, қазақы дүниетанымы кең екенін көрсетті.
17 қазан күні «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарының 1 курс студенттері арасында «Менің Отаным – Қазақстан Республикалары» тақырыбында эссе байқауы өтті. Студенттер Тимур Сәрсенбаев, Дана Алпысбаева, Борис Самойленконың жұмыстары үздік деп танылды.
18 қазан күні «Филология» мамандығының 1 курс студенттері аға оқытушы А.Ш. Асқарова және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Абай академиясының ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ұйымдастырған «Абай мұрасы – мейірімділік пен гуманизмнің қайнар көзі» семинарға қатысты. Бірінші курс студенттері үшін кітапханада экскурсия ұйымдастырылып, түрлі тілдегі сирек басылымдар көрсетілді. Семинар барысында Абай Құнанбаевтың философиясы мен ақындық шығармашылығы, оның шығармаларын өзге тілдерге дұрыс аудару мәселесі жөнінде баяндамалар тыңдалды.
Осы күні профессор Н.Ж. Құрман жетекшілігімен «Математика» бағытының 1 курс студенттері. Республика күнін тойлау тарихына арналған «25 Қазан – Қазақстан Республикасының күні» интерактивті дәрісін ұйымдастырды.
19 қазанда доцент С.Қ. Кенжемұратова және аға оқытушы Қ.М. Қажыбаеваның ұйымдастыруымен «Тіл білгірі» интеллектуалды викторинасы өткізілді, оған «Экология және қоршаған ортаны пайдалану» бағытының 2 курс студенттері қатысты.
20 қазанда «Туған жерім – алтын бесігім» атты мәнерлеп оқу және ән айту байқауы апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде өткізілді. Қатысушылар қазақ тілінде дәстүрлі және заманауи әндерді орындап, Қазақстан ақындарының өлеңдерін оқыды. Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша: Булатбекова Үміт (Ф-11) – 1 орын, Ементаева Амина (Ф-21) – 2 орын, Тастанбекова Айнур (М-11) – 2 орын, Балтабаева Дильназ (Е-11) – 3 орын, Дарья Кучер (Е-11) – 3 орын, Овчинникова Ксения (Ф-21) – 3 орынға ие болды. Ән байқауында бірінші орынды Г-21 тобының студенттері мен Ф-21 тобының студенті Нина Шишканова өзара бөлісті.
Соңында қазақ тілі апталығының жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары марапатталды.