2023 жылғы 27 қазанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының аға оқытушысы Маргарита Александровна Брянская ММУ филология факультеті мен Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен (Беларусь) бірлесіп ұйымдастырған «Тіл, әдебиет және мәдениеттің жазғы мектептері: нәтижелері мен перспективалары (әдістемелік тәжірибе алмасу)» атты дөңгелек үстелге қатысты. М.А. Брянская Дөңгелек үстелге ММУ Қазақстан филиалының Күзгі русистика мектебінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі ретінде шақырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар түрлі бағыттағы және мақсатты аудиториядағы филологиялық мектептерді өткізу тәжірибесі туралы ойларын ортаға салды.
М.А. Брянская өз сөзін ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Күзгі русистика мектебі» атты ғылыми-әдістемелік семинарына арналды. Бір атап кетер тұсы, «Күзгі русистика мектебі» биыл 20-шы рет өткізілгелі отыр және осы жылдар ішінде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мен педагогикалық тәжірибе алмасудың сүйікті алаңына айналды. М.А. Брянская өз баяндамасында студенттер үшін заманауи ғылыми филологиялық білімнің бастапқы қайнар көзіне айналған Күзгі мектепті ұйымдастырудағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті оқытушыларының рөлін ерекше атап өтті.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультеті деканының орынбасары ф.ғ.к. Г.Е. Кедровке және славян филологиясы кафедрасына дөңгелек үстелге қатысуға мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастығымызды жарастыратын іс-шараларды күтеміз!
>>> Дөңгелек үстел туралы ММУ филология факультеті сайтынан оқыңыз