2023 жылғы 7 қараша күні Филиал директоры профессор А.В. Сидорович Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті.
Кездесуде ММУ Қазақстан филиалын дамыту мәселелері, атап айтқанда, магистратураның жаңа бағдарламаларын ашу туралы талқыланды. Олар - жасанды интеллектінің заманауи мәселелері, үлкен мәліметтерді талдау, қалалар мен аймақтардың төмен көміртекті дамуын басқару, заманауи статистикалық талдау, мәдениетаралық коммуникация және аударма бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар. Филиалдың ұсыныстары өз қолдауын тапты.