13.11.2023

Филиал жаңа қабылдауға дайындалуда!


2023 жылғы 12 қараша күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында биылғы оқу жылы бойынша алғашқы Ашық есік күні өтті.






Талапкерлер мен олардың ата-аналарын Филиал директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович қарсы алды. Ол Қазақстан филиалындағы оқу бағыттарының ерекшеліктері жөнінде, Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының тарихына, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Филиал студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірегей арақатынасы туралы айтып берді.

 

- ММУ Қазақстан филиалы беделді білім берумен бірге білімнің артықшылықтарын игертеді, ал білімдегі артықшылық дегеніміз - өмірдегі артықшылық», - деп атап өтті Александр Владимирович Сидорович.


Мәскеу университетінің оқытушылары атынан ММУ география факультетінің доценті Павел Петрович Кречетов сөз сөйледі.


– Біздің Қазақстан филиалы түрлі сала мамандарын дайындайды. ММУ География факультеті «Экология және қоршаған ортаны басқару» бағытына жетекшілік етеді. Бұл - еңбек нарығындағы ең танымал бағыттардың бірі. Біздің Филиалдағы студенттерді нақты дайындаудың маңызды бір элементі - дала практикасы болып табылады. Қазақстан филиалында ондай практика екі рет өткізіледі - бірінші курстан соң және екінші курстан кейін. Бакалавриат бағдарламасын аяқтаған соң біздің студенттер магистратурада оқуын жалғастыра алады немесе өз мамандығы бойынша отандық немесе шетелдік ұйымдарда жұмыс істей алады», - деді Павел Петрович Кречетов.


Іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Қуаныш Әбдірахманұлы Бекмағанбетов Қазақстан филиалындағы математика мамандарын дайындау барысы туралы тоқталды.


– Қазақстан филиалындағы математиктерді дайындаудың өзіндік ерекшелігі мол. Мұндай білім беру бағдарламалары Қазақстанның еш жерінде жоқ. Осы бағытт меңгерген түлектерге кәсіби мамандар жетіспейтін мамандық бойынша білімдері мен дағдыларын қолдануға мүмкіндік мол», - деп атап өтті Қуаныш Әбдірахманұлы.

 

– Университеттегі Ашық есік күні – әрқашан мереке! Дәл осы күн сізге болашақ мамандығыңызды тереңірек танып, дұрыс таңдау жасауға бірегей мүмкіндік берілетін күн болып табылады. Мәскеу университетінің филология факультеті жалпы филологиялық білім беру жүйесінде жетекші рөл атқаратынын ерекше атап өткім келеді. Біздің филология кафедрасы Мәскеу университетінің оқытушыларымен тығыз бірлесіп жұмыс істейді», – деді құттықтау сөзінде филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова.





Осымен қатар директор қабылдау науқанын өткізудің тәртібі туралы, қабылдау емтихандарына дайындық жөнінде және ЖОО-ға емтихансыз түсуге мүмкіндік беретін салалық олимпиадаға қатысу мүмкіндігі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.


Қонақтар лотереяға қатысып, жеңімпаздарға Филиал атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.









Кездесудің жалпы бөлім аяқталған соң талапкерлер мен олардың ата-аналары кафедра өкілдерімен кездесіп, оқу үдерісі және оқудан тыс жұмыстар туралы толық ақпаратпен танысып, жоғары курстарда инклюзивті оқу мен тәжірибелік сабақтар үшін Мәскеуге баратын сапар туралы мәлімет алды.

Қазақстан филиалының оқытушылары Евгения Сергеевна Воронова мен Асхат Бірлесович Мұқанов талапкерлерге орыс тілі мен математика пәнінен шеберлік сабақтарын жүргізіп, өткен жылғы қабылдау емтихандарының тапсырмаларын қарастырды. Филиал оқытушыларының шеберлік сабақтары емтихандық тапсырмалар бойынша түсініктеме беріп, мектеп оқушыларының оларға нәтижелі дайындалуына бағыт-бағдар береді.


ММУ Қазақстан филиалының қабылдау науқаны кезінде оқушылармен жаңа кездесулерді жүздескенше!


Фото: М. Фриген