Филиал директоры А.В. Сидорович «Дружба» орденімен марапатталды


Ресей Федерациясы Президентінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 704 Жарлығымен ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Владимирович Сидорович «Дружба» орденімен марапатталды.





«Дружба» орденімен марапатталатындар:

  • халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты, ынтымақтастықты және өзара түсіністікті нығайтудағы ерекше қызметтері үшін;
  • ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және байыту бойынша жемісті қызметі үшін;
  • Ресейдің мәдени-тарихи мұрасын сақтау, арттыру және танымал етудегі белсенді қызметі үшін;
  • ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды және мәдениетті дамытудағы жемісті қызметі үшін;
  • Ресей Федерациясымен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін.


  • Филиалдың барлық оқытушыларының, студенттерінің және қызметкерлерінің атынан Александр Владимировичті марапатымен құттықтаймыз!