24.11.2023

Күзгі орыстану мектебіне 20 жыл!


2023 жылғы 18 қарашада филология кафедрасының тіл мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған «Русистиканың күзгі мектебі» ғылыми-әдістемелік семинарының қорытынды отырысы өтті. Биылғы жылы 500-ден астам мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары мектептің күндізгі және қашықтан өткізілген іс-шараларына қатысты.







Күзгі мектепке алғаш рет «Заманауи мектептегі жас мұғалім» секциясы қосылды. Қазіргі кезде Астана қаласының мектептерінде мұғалім болып еңбек етіп жүрген Филиалдың түлектері баяндама жасады. Жас мамандар тәжірибелі әріптестері алдында өз жұмыстары туралы ойларымен бөлісіп, тыңдаған мұғалімдердің қызығушылығын тудырды.


Юлия Зимодра өз сөзінде «Филология» мамандығы бойынша жүріп келе жатқан «түлек жолы» және орта мектепте мұғалім ретінде кәсіби дамуы туралы баяндады. Кристина Рягузова болса, жоғары сынып оқушыларына көркем әдебиет туындыларын оқуды үйрету әдістемелері тураплы сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Педагогикалық қызметін бірге ақындық шеберлігін дамытып келе жатқан Кирилл Бордунов әріптестеріне мектеп оқушыларының бойында «ақындық дарындылықты» дамытудың сырлары туралы айтып берді. «Astana Garden» атты мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Зарина Кунбаева мен Александр Усов жекеменшік мектеп оқушыларының көп деңгейлі контингентімен, оның ішінде шетелдік балалармен жұмыс істеу принциптері мен әдістері туралы баяндама жасады.


Күзгі мектеп жұмысы дөңгелек үстел форматында қорытындыланды. Оның қорытындысы шығарылып, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.


Семинарға көп жылдардан бері қатысып келе жатқан осынау Мектептің белсенді тыңдаушыларына және барлық қатысушыларға сертификаттар салтанатты түрде тапсырылды. Мектептің ұйымдастырушылары мен тұрақты спикерлері филологиялық дәстүрге адалдығы үшін жеке құрмет грамоталарымен марапатталды..


Барлық қатысушыларға Күзгі русистика мектебіне деген қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз! Келесі жылғы кездесуді күтеміз!




Күзгі орыстану мектебіне қатысушылардың пікірлері:


Худобина Венера Рафаиловна («Ақкөл қаласының №3 Жайық Бектұров атындағы жалпы орта мектебі, Ақмола облысы Ақкөл аудандық білім басқармасының Ақкөл білім бөлімі»): Көп жылдардан бері тұрақты түрде Күзгі русистиуа мектебінің тыңдаушысы болғаныма ризамын! Русистика мектебі бізді позитивпен, қуатпен және әрі қарай жұмыс істеуге деген мотивациямен қуаттандырады, бұл күрделі бірақ өте қажет.


Никифорова Татьяна Николаевна (Үштөбе қаласы, Жетісу облысының Қаратал аудан орталығы) Мен ғылым адамдарына ерекше құрметімді білдіргім келеді, шынында, бізге тәжірибеде жүрген адамдарға академиялық білім әрдайым қажет және өз бетімізбен ізденуге уақыт та жетпей жатады! ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының оқытушыларына осындай зор еңбектері үшін үлкен рахмет айтамын.


Дегтярева Наталья Николаевна («И.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беру мектебі», Шымкент қ.): Русистика мектебі тек мектеп мұғалімдеріне ғана емес, сонымен қатар университет оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары болып табылады. Ғалымдармен тікелей кездесіп, олардан көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді үйренуге мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рахмет. Барлығына сәттілік және денсаулық тілеймін! Университет пен мектеп білім мен тәрбие деген маңызды жұмысты атқаруда әрдайым біртұтас болуы керек.