2023 жылғы 16-17 қарашада «ЖОО-да лингвистикалық білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысына түрлі елдер мен университеттерден келген 200-ден астам жетекші оқытушылар қатысты. .
Конференцияға қатысушылар алдында ММУ шет тілдері және аймақтану факультетінің деканы м.а. профессор Галина Георгиевна Молчанова құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жоғары оқу орындарында лингвистикалық білім беруді цифрландыру, шет тілдерін, оның ішінде орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда мультимедиялық оқу материалдарын әзірлеу және пайдалану, қашықтықтан және аралас оқыту технологиялары мен дидактикасы, лингвистика мен лингводидактикадағы жасанды интеллект технологиясы, аудармадағы цифрлық технологиялар, мәдениетаралық коммуникация және т.б. мәселелердің талқылануы өте маңызды деп атап өтті.
ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасынан доцент Асия Рафаилқызы Сулкарнаева қатысып, Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі мәдениетаралық коммуникация: мүмкіндіктер мен перспективалар секциясында «Kazenglish/ Казинглиш: Қазақстанның тілдік және лингвистикалық кеңістігіндегі жаңа псевдо-диалект» тақырыбында баяндама жасады.