2023 жылғы 11 желтоқсанда Филиал директоры профессор А.В. Сидорович Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы М.К. Тұрлубаевпен кездесу өткізді. Александр Владимирович Мақсат Қайратұлын қызметке тағайындалуымен құттықтады. Кездесуде Филиалдың «Қазіргі заманғы экономикадағы статистика және деректерді басқару» жаңа магистратура бағдарламасын дайындау және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.