2023 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкінің болжамдық тобының мүшелері «2023 жылғы қараша айындағы болжамды турдың қорытындысын ұсыну» тақырыбында дәріс өткізді


Кездесуге қатысушыларды ММУ Қазақстан филиалының директоры, еңбек сіңірген профессор А.В.Сидорович, Филиал мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.








Макроэкономикалық зерттеулер және болжау департаменті басшысының орынбасарлары Камила Мекенбаева және филиалдың 2012 жылғы түлегі Константин Орлов «Экономика» мамандығы бойынша студенттер мен магистранттар алдында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, қонақтар қатарында ҚРҰБ Төрағасының кеңесшісі Мұқанов Нұрболат, Ақша-несие саясаты департаментінің директоры Оразалин Рүстем, ҚҰБ Баспасөз қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Ахметжан Асан болды.

Дәріс барысында баяндамашылар Ұлттық банктің алдында тұрған мақсаттар мен негізгі міндеттер туралы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің: инфляция, валюта бағамы, жалпы ішкі өнімнің болжамы қалай қалыптасатыны туралы айтты. Дәрістен кейін бір сағаттық пікірталас өтті, оның барысында студенттер мен магистранттар болжау тобының мүшелеріне сұрақтар қойды. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы мен Ұлттық банк бірнеше жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Филиал Банкпен бірлесе отырып, «Қаржылық талдау» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын жүзеге асыруда. Банк мамандары «Ақша-несие саясаты», «Қолданбалы микро және макроэкономика», «Қазіргі заманғы қаржы нарықтарындағы туынды құралдарды дамыту» магистратура курстарын жүргізеді.

Дәрісті ұйымдастырып, өткізген Ұлттық банк мамандарына алғысымызды білдіреміз!