2023 жылдың 9 желтоқсанында ММУ Қазақстан филиалының Студенттер үйінде «Нақты ғылымдар күні» болып өтті. Іс-шара осы семестрдегі зияткерлік викториналар сериясының соңғысы болды. Зияткерлік викториналарды өткізудегі мақсат – студенттердің мәдени деңгейін, білім алуға деген ынтасын арттыру, жалпы ой-өрісін кеңейту, тату студенттік топ құру және оқу аптасынан кейін танымдық демалыс ұйымдастыру.
«Нақты ғылымдар күніне» барлық оқыту бағыттарының студенттері қатысты. Қатысушыларға ММУ механика-математика факультетінің құрылуы мен жұмысы туралы тарихи мәліметтер, сондай-ақ факультет туралы және ММУ ғалымдарының заманауи жаңалықтары туралы қызықты деректері интерактивті түрде таныстырылды. Таныстырылымнан соң Студенттік кеңестің тұрғын үй секторы электронды викторина өткізді. Қатысушылар тапсырмаларды орындап, өздерінің зерделілігін, логикасын сынап бақты және алгебра және геометрия салалары бойынша білімдерін көрсетті. «Математика» бағыты студенттері командасы викторина бойынша лайықты жеңіске жетті! Студенттер оған қоса нақты ғылымдарды өмірдің түрлі саласында қалай қолдануды, соның ішінде оқуды сәтті ұйымдастыру үшін қолдану туралы ойларымен бөлісті.
Зияткерлік кеш соңында студенттер аналитикалық қабілеттерін, кеңістіктік ойлау және математикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған үстел ойындарын ойнады. Осы кеш студенттерге демалып, достарымен бас қосуға, сонымен бірге сессия алдында уақытын қызықты және пайдалы өткізді. Филиалдың барлық студенттеріне емтихандарды сәтті тапсыруларыан тілек білдіреміз және зияткерлік кештерге қатысуға шақырамыз!
Мәтін: ММУ ҚФ Студенттік кеңесінің тұрғын үй секторы