Филиалда «БАҚ-тағы және РКИ-дегі мәдениет концепциялары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті


2023 жылдың 12 желтоқсанында «Филология» бағыты бойынша 2 курс магистранттарының конференциясы өтті. Конференция дәстүрлі түрде өткізіледі, онда магистранттар өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетеді және диссертация бойынша жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін оқытушылардан құнды кеңестер алады. Ал бірінші курс магистранттары үшін осындай конференция таңдаған ғылыми саласындағы заманауи зерттеулер туралы тереңірек білуге және өз зерттеу бағыттарын айқындай түсуге жақсы мүмкіндіктер береді.

Конференцияға М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушылары, атап айтқанда, доцент Е.Ю. Николенко, профессор Н.И. Клушина, доцент Е.С. Қара-Мурза, оқытушы М.А. Васильченко, аға оқытушы М.А. Бакунцева, сондай-ақ ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының аға оқытушысы Д.А. Бисембина қатысты.




Конференцияның ашылуында ММУ филология факультетінің доценті   Л.А. Нестерская сөз сөйледі. Ол лингвомәдени тұжырымдардың орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда және медиингвистиканы танып-білудегі маңыздылығын атап өтті.

«Мәдени ұғымдар ерекшелігі олар ана тілінде сөйлейтіндердің ойлау тәсілін бейнелейді және сол мезетте қалыптастырады», – деп атап көрсетті Л. Нестерская.

Осыдан соң сөз кезегі 2 курс магистранттарына берілді, олар өз зерттеулері туралы баяндамаларын оқыды.

Зерттеудің негізгі тақырыбы тұжырымдардың қызмет етуі туралы болды. Зерттеу материалы ретінде магистранттар медиа саласындағы, әлеуметтік желілердегі және заманауи әдебиеттерге талдау жасай отырып, қазіргі қазақ және орыс мәдениеттеріндегі тағдыр, Отан, отбасы, балалық шақ тұжырымдарын қарастырды. Қазіргі қоғамдық талқылау нысанасы болып отырған кибербуллингтің «құндылыққа қарсы» тұжырымдамасы туралы да қарастырылды.

Оқытушылар мен конференция қонақтары магистранттарға тамаша дайындықтары мен өзекті зерттеу нысандарын таңдай білгені үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ оқытудың осындай формалары магистранттарға өздерінің ғылыми әлеуетін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.