5-13 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «JASTAR JALYNY-2023» жастар шығармашылық фестивалі өтті. Байқау 10 түрлі номинация бойынша өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында өтті. Белсенді шығармашыл жастарды құттықтауға белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері келді.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының атынан фестивальге «Қолданбалы математика және информатика» мамандығының 2 курс студенті Борис Черкасов қатысып, «Шахмат» номинациясында университетімізді лайықты көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша ол 3 орынмен марапатталып, дипломмен, жеңімпаздың кубогымен және іс-шараны ұйымдастырушылардың сыйлығымен марапатталды.
Фестивальге белсенді қатысқаны үшін ММУ Қазақстан филиалы Астана әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Борис Черкасовты құттықтаймыз және оған оқуда табыс пен спорттық жеңістер тілейміз!