2023 жылдың 21 желтоқсанында «Евразия» спорт кешенінде би аэробикасынан жарыс өтті. Іс-шараға 1-ші және 2-ші курстың барлық бағыттары бойынша 200-ден астам студенттер қатысты. Ұйымдастырушылар – Филиалдың қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының дене шынықтыру пәні оқытушылары, жарыстың бас төрешісі – аға оқытушы И.И. Лиховец.
Филиалда мұндай жарыстар дәстүрге айналды. Олар дене шынықтыру мен спортты насихаттауға және би аэробикасын кең таратуға бағытталған. Студенттер үшін мұндай жарыс қысқы сессия басталғанға дейін өзін-өзі көрсетуге, ұжымды біріктіруге және уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.
Жарысқа дайындық барысын дене шынықтыру оқытушылары сабақ барысында мұқият қадағалап отырды. Екі ай бойы студенттер аэробика биін орындау техникасын, синхронизациясын шыңдап, өз қойылымдарына қажетті музыкалық сүйемелдеу мен костюмдерді таңдады.
Әр топтың орындаған биі шынайы, жарқын, есте қаларлықтай болып шықты. Ф-11 тобы «Барби» фильмінің стилін таңдаған екен. Ал Г-11 тобы «Шрек» мультфильмінің стилінде бейнелерден қойылым жасады. Қазылар алқасы мен көрермендерді «Филология» мамандығының 2 курс тобының серпінді спорттық биі тәнті етті, ал экономистер жұптық бидің сымбаттылығы мен сұлу қозғалыстарын көрсетті. Қазылар алқасы мен көрермендерді «Математика», «Экология және табиғатты қорғау», «Қолданбалы математика және информатика» салалары студенттерінің би арқылы жасап шығарған түрлі бейнелері қуантты.
Бишілердің әртістігі, хореографиясы, әсем аэробикалық би қимылдары, костюмдері, музыкалық сүйемелдеуі – бәрі де жоғары деңгейде болды! Студенттеріміздің осындай нәтижеге жеткен дайындығына көрермендер мен қазылар алқасы үшін өте әсерлі болды. Байқау соңында келесі номинациялар бойынша Грамоталар салтанатты түрде тапсырылды:
«Техникалық шеберлігі үшін» – Э-11;
«Бағдарламаның ерекше қойылымы үшін» – М-11;
«Ең көркем әртістік орындау шеберлігі үшін» – Ф-11;
«Ең үздік би сюжеті үшін» – ВМ-11;
«Ең динамикалық қозғалыс шеберлігі үшін» – Ф-21;
«Ұсынылған бейнелердің жарқын көрсетілімі үшін» – М-21;
«Ең үздік қозғалыстар синхрондылығы үшін» – Г-11;
«Ең әсерлі қойылым үшін» – Г-21;
«Грациялылығы мен бидегі икемді әсерлілігі үшін» – Э-21, 22.
Би аэробикасынан жарыстар өткізу ұжымдық рухты көтеріп, студенттерді ждағымды әсерге бөлейді, жаңа күш-қуат береді, сонымен қатар студенттердің жаңа қабілеттерін ашады.
Дене шынықтыру оқытушыларына тамаша ұйымдастырып жақсы өткізген жарыс үшін алғыс айтамыз!
Филиал студенттеріне алдағы келе жатқан қысқы сессияда жаңа табыстар тілейміз!
Фото: К.С. Байрактар (Фотогалерея)