ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры Александр Владимирович Сидорович ЖОО түлектері үшін Астана қаласындағы Қазақстан филиалында магистратураға қабылдаудың бірегей мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
– Александр Владимирович, ММУ Қазақстан филиалындағы магистратураның қандай ерекшеліктері бар?
– Біріншіден, осы бағдарламалар білім беру стандарттарына сәйкес мамандарды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша Мәскеу университеті дербес белгілеген жоғары білімнің негізгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
– Мүмкін, байқау жеңімпаздарына қандай да бір жеңілдіктер бар болар?
– Бар. Бұл - ММУ Қазақстан филиалына «Ломоносов» Универсиадасының нәтижелері бойынша магистратураға емтихансыз түсу мүмкіндігі. Айтпақшы, жақын арада оның іске қосылуы тууралы хабарлаймыз, жаңалықтарды (@msu_kz) сайтымыздан және әлеуметтік желілерімізден қадағалаңыздар.
– Ал Сіздің түлектеріңіз қандай диплом алады?
– Оқуды бітірген соң түлектер Мәскеу университетінің дипломын алады.
– Магистратурада тегін оқуға бола ма?
– Иә. Оқу ақысы ММУ Қазақстан филиалына түсу емтихандары нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен төленеді. Тағы қосқым келгені, оқудың бір бөлігін магистранттар Мәскеуде ММУ факультеттерінде жалғастырады. Сол кездегі оқу, тұру, көлік шығындары Қазақстан Республикасының білім беру тапсырыстары есебінен төленеді.
– Филиалдың магистратурасының түлектері жұмысқа қалай тұрады?
– Филиалда оқыту Қазақстанның жетекші министрліктері мен ведомстволарының, қаржы институттарының тікелей қатысуымен өтеді, соның арқасында оқу процесінде магистранттар ұйымдармен ғылыми-тәжірибелік байланыс орнатып, болашақ жұмыс орындарын белгілейді. Біздің түлектер магистратураны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуда еш қиындық көрмейді, олар қазақстандық ұйымдар мен ірі компанияларда жақсы қызметтерді атқаруда.
– Филиалдың магистратурасында кімдер сабақ береді?
– Сабақты М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушылары жүргізеді.
– Базалық мамандық басқа болса да, Филиалдағы магистратурада оқуды жалғастыруға бола ма?
– Даярлық бағытын таңдау оқуға түсушінің базалық мамандығына тәуелді болмайды.
– ММУ Қазақстан филиалына магистратураға түсу қазақстандық басқа ЖОО магистратурасына түсуден айырмашылылығы неде?
– Филиалға оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігі жөніндегі халықаралық сертификаттардың қажеті жоқ.
- Яғни IELTS пен TOEFL сертификаттары керек емес қой?
– Иә. Оқуға түсерде кешенді тестілеу (КТ) қарастырылмаған. Оқуға түсу таңдаған мамандығы бойынша емтихан тапсыру жолымен іске асырылады.
– Филиалда қандай магистрлік бағдарламалар бар?
– «Қолданбалы математика және информатика» бағыты аясында – «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері».
«Математика» пәні бойынша – «Математика және деректерді талдау әдістері».
«Экономика» бойынша бізде Қазақстан Республикасының қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын үш бағдарлама бар. Бұлар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жүргізілетін «Қаржылық аналитика»; Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп жүргізілетін «Ұлттық экономика және экономикалық саясат»; Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп жүргізілетін «Заманауи экономикадағы статистика және деректерді басқару».
Сондай-ақ «Филология» бағыты бойынша «Мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма», «Шетелдік аудиториядағы орыс тілі», «Медиалингвистика» атты үш бағдарлама бар.
«Экология және қоршаған ортаны пайдалануды басқару» мамандығы бойынша – «Қалалар мен аудандардың төмен көміртекті дамуын басқару».
– Рахмет, Александр Владимирович!