31.01.2024

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Ғылыми кеңесінің отырысы өтті


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының

Ғылыми кеңесінің отырысы өтті



2024 жылғы 26 қаңтарда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстанд филиалы Ғылыми кеңесінің отырысы өтті, онда филиалдың өткен жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері тыңдалды. Ғылыми кеңес мүшелері Филиалдың 2023 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі туралы есебін мақұлдады.


Ғылыми кеңестің күн тәртібіне ММУ Қазақстан филиалында қазақ тілін оқытуды жетілдіру мәселесі де қойылды. Ғылыми кеңес Филиалдың кітапхана қорын қазақ тіліндегі көркем және оқу әдебиеттерімен кеңейту туралы; «Іскерлік қазақ тілі» және «Академиялық жазу» бағдарламалары бойынша факультатив сабақтарын ұйымдастыру, сонымен қатар оқу үдерісінде Қазтест жүйесін белсенді пайдалану жөнінде шешімдер қабылдады.