17.03.2015

Филиалдың филолог студенттерінің педагогикалық практикасы жөніндегі есептік конференция


IMG_2181-s.jpg2015 жылдың 17 наурызында, сейсенбі күні, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филолог студенттерінің педагогикалық практикасы жөнінде есептік конференция өткізілді. Студенттер практикадан 9 ақпаннан 7 наурызға шейін Астанадағы №22 және №6 мектептерде өткен болатын.

Есептік конференциға филолог студенттер мен практикаға жетекшілік еткен оқытушылар қатысты. Мәжілісті филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова ашып, студенттерді практиканың аяқталуымен құттықтады. Әдіскер оқытушылар өздері үшін жаңа болып саналатын салада студенттердің жетістіктерін атап көрсете отырып, практиканың қорытындыларын түйіндеді. Мұнан соң сөз студенттерге берілді. Өздерін оқытушы күйінде шамалап байқаған жастар әріптестеріне практикадан алған әсерлерін айтып берді. Студенттер мектептегі жұмыстың қиындығы мен қызықтары, жағымды-жағымсыз жақтары жөнінде қызу әңгімеледі.

[нақтырақ]