М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында 2015 жылдың 3 наурызында «Экологияның көкейтесті мәселелері» атты ғылыми семинар болды. Семинарда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Ресей экономикалық және әлеуметтік географиясы кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, география ғылымдарының кандидаты Мария Сергеевна Савоскул «Этникалық немістердің 1991 жылдан соң Германияға көшуі мен бейімделуі» тақырыбында сөз сөйледі.
Немістердің Қазақстан мен Ресейден қоныс аударуы мәселесі, олардың бейімделу үдерісі мен тәжірибесі өзекті мәселе болып саналады, сондықтан да бұл – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы оқытушылары мен студенттері арасында зор қызығушылық тудырды.
Мария Сергеевна немістердің Ресей мен Қазақстаннан Германияға қоныс аудару кезеңдерін егжей-тегжейлі талдап шықты. Немістер көшіп кеткен негізгі өңірлерді айқын көрсетіп берді.
М.С. Савоскул зерттеулерінің негізінде этникалық немістердің түрлі топтарының Германия өңірлеріндегі бейімделуп жерсінуінің ерекшеліктері алға тартылды. Қабылдаған қоғамадастықпен олардың бірігіуіне жағдай туғызған мән-жайлар анықталды.
Тыңдармандарды көп қызықтырған мәселелер Германияның көші-қон саясатына, Германия немістерінің Қазақстан мен Ресейден келген мұғажырларға деген қарым-қатынасына, олардың кері қайту мүмкіндіктеріне байланысты болды.
Табелинова А.С.