Бүгін, 6 ақпанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы жылының тұсауын кесті. Осы маңызды оқиғаның қарсаңында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің оқытушылармен, қызметкерлермен және студенттермен кездесуі болды.
Филиалға құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.К. Тимощенко, «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы В.К. Салахов, Әзірбайжан мемлекеттік теледидарының Қазақстандағы және Орта Азиядағы бастығы Ф.Т. Пошаев келді.