Дәстүр бойынша М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 2014 жылдың 8 желтоқсанынан 12 желтоқсанына шейін экология және табиғат пайдалану кафедрасы «Менің үйім, менің Жерім, менің Қазақстаным» тақырыбымен география апталығын өткізді. Іс-шаралардың бірқатарын өткізуге даярлау бағыттарының бәрінен студенттер қатысты. Бағдарламаның байлығы мен студенттердің креативтілігін Филиалдың оқытушылары мен қызметкерлері айрықша айтты.
География апталығын өткізудегі міндеттер – дарынды студенттерді табу, қоршаған ортаға қамқор көзқарасты, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық белсенділікті насихаттау, сондай-ақ студенттердің ынташылдығы мен дербестігін, ғылыми-мәдени хабардарлыққа ұмтылысын дамыту.