М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
01.12.2019

ММУ Қазақстан филиалы жоғары сынып оқушыларына арналған «Математика Олимпиадасы-2019-ды» өткізуде




М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы жоғары сынып оқушыларына арналған «Математика Олимпиадасы -2019-ды» өткізуде.


Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу, жастар арасында ғылыми білімді насихаттау, жастардың кәсіби бағдар алуына және білім алу траекторияларын таңдауына қолдау жасау.


Математика бойынша Олимпиада 2019 жылғы 18 қараша мен 19 желтоқсан аралығында жазба жұмыс түрінде, Регламент пен Ережелерге сәйкес өткізіледі.


Қатысушыларды қашықтан тіркеу ММУ Қазақстан филиалының ресми сайтында 2019 жылғы 18 қарашада ашылады.


>>> Тіркелуге өту


>>> Сырттай турдың тапсырмаларына өту


Орындалып, сканерленген тапсырмалар centre-msu@mail.ru электронды адресіне 2019 жылғы 19 желтоқсанға дейін жолданады.


Олимипиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ММУ Қазақстан филиалындағы дайындық курстарында оқу үшін жеңілдіктер алады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.