М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
07.04.2020

Жеңіс Күні қарсаңында


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған келесі іс-шаралар өткізуді жоспарлайды


1. «Ел ерлігі жадымызда» тақырыбында студенттік эссе конкурсын өткізу. Студенттердің жұмысын қабылдау 2020 жылғы 10 сәуірге дейін жүргізіледі [нақтырақ...];


2. 2020 жылғы 9 мамырға арналған «Соғыс туралы Естелік кітабы» жинағын шығару[нақтырақ...];


3. Халықаралық дөңгелек үстел өткізу, тақырыбы: «Ұлы Жеңіс - біздің ортақ тарихи жадымыз» (шақырылған сарапшылар қатысуымен; ұйымдастырушы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы)  - 2020 жылғы 29 сәуір [нақтырақ...];


4. Ұлы Жеңіс күніне арналған «Филиада» оқу газетінің арнайы нөмірін шығару;


5. Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізу, тақырыбы: «Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында: тарихи жады және заманауи сын-қатерлер» (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатымен бірігіп) - 2020 жылғы 13 мамыр;


6. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ҚР ҚК соғыс-тарихи музейіне бейне-сахат жасау2020 жылғы сәуір – мамыр [нақтырақ...].


7. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.С. Мажитованың ашық дәрісі, тақырыбы: «ҰОС және Қазақстан әйелдері соғыста және тылда: әйел тарихы және күнделікті тіршілік» - 2020 жылғы мамыр;


8. Барлық бағыттағы оқу топтарында кураторлық сағат өткізу, Ұлы Отан соғысы туралы, Ұлы Жеңіс туралы фильмдер қарау, талқылау – 2020 жылғы мамыр [нақтырақ...].


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.