М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
10.04.2024

УНИВЕРСИАДА қатысушыларының назарына


«Ломоносов» универсиадасы туралы ережелер

Универсиада регламенті


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филиалдың магистратурасына түсетін жоғары оқу орындарының түлектері үшін Универсиада өткізеді.


Универсиада ректор, академик В.А.Садовничийдің бұйрығына сәйкес жоғары оқу орындарының дарынды түлектерін анықтау және олардың арасынан ММУ филиалының магистратурасына оқуға түсу үшін үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылады.


Универсиада «Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Экономика», «Экология және қоршаған ортаны пайдалану», «Филология» бағыттары бойынша сәйкес магистратураға қабылдау үшін өткізіледі.


>>>Филиалдың магистратурасы және магистрлік бағдарламалар туралы толығырақ


Қорытынды кезең 2024 жылғы 13 сәуір күні жазбаша жұмыс түрінде күндізгі формада жүргізіледі.


Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері финалдық кезеңнің нәтижелері бойынша анықталады және ММУ Қазақстан филиалы магистратурасының бірінші курсына қабылдау кезінде жеңілдіктер алады.


Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:


+7 7172 35 43 87;

+7 778 354 33 77.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.