М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
05.01.2024

«Ломоносов – 2024» студенттердің, магистрлердің және жас ғалымдардың ХІХ халықаралық ғылыми конференциясы


«Ломоносов – 2024» студенттердің, магистрлердің және жас ғалымдардың ХІХ халықаралық ғылыми конференциясы


Астана


19–20 сәуір 2024 ж.


2024 жылғы 19-20 сәуірде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналған Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2024» Халықаралық жастар ғылыми форумының бөлігі болып табылатын студенттердің, магистрлердің және жас ғалымдардың ХІХ «Ломоносов – 2024» Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

«Ломоносов» Халықаралық студенттер конференциясы қазақстандық қоғам дамуының ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени мәселелерін, әлемдегі және еуразиялық кеңістіктегі заманауи үдерістерді талқылауға арналған ашық алаң болып табылады.


Конференцияның мақсаты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін ынталандырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ғылыми жолын жаңа бастаған жас зерттеушілердің өзара оқу және ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал ету болып табылады.

Конференция аралас форматта: дәстүрлі түрде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертханалық ғимаратында және ZOOM бағдарламалық платформасында онлайн өтеді (қосылу мәліметтері кейінірек көрсетіледі).

Конференция регламенті:

19 сәуір, 10.30–12.00 – конференцияның ашылуы. Пленарлық мәжіліс. Қатысушыларды қарсы алу және баяндамалар (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертханалық ғимаратының конференц-залы).

12.30–18.00 – конференция секцияларының жұмысы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертханалық ғимаратының аудиторияларында және ZOOM платформасында онлайн.

20 сәуір 12.30–14.30 – Қорытынды жасау. «Ломоносов – 2024» студенттердің, магистрлердің және жас ғалымдардың ХІХ халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарын марапаттау (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертханалық ғимараты).


   [Көбірек...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.