17 қазанда Мәскеу университетінің Ломоносов оқу-ғылыми ғимаратында Ресей Ректорлар одағының президенті, ММУ ректоры, академик В.А. Садовничийдің төрағалығымен БРИКС университеттері ректорларының екі күндік Форумы өз жұмысын бастады.
Форумға 20 елден – барлық БРИКС елдерінен (Ресей, Бразилия, Мысыр, Үндістан, Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Эфиопия және Оңтүстік Африка), сондай-ақ Беларусь, Бахрейн, Иордания, Ирак, Йемен, Ливан, Ливия, Мавритания, Палестина және Судан елдерінен 250 ректор мен университет өкілдері қатысты.
Фото: msu.kz
Виктор Антонович Садовничий: «Бізге күш-қажырымызды біріктіріп, биік ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті және ғылым мен адамзат болашағы үшін өзнің жауапкершілігін өткірлікпен сезіне алатын мамандардың жаңа ұрпағын даярлау маңызды болып табылады. Заманауи университеттік қауымдастық, біздің көз алдымызға келтіргеніміздей, өзара тең құқылы, өзара тиімді серіктестік пен ынтымақтастыққа, әр елдің университеттері дамуы тәжірибесімен өзара бірін бірі байытуға ашық болып отыр, – деп айрықша атап өтті.
ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович Форум алаңдарында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.