GeoGuessr


2024 жылғы 10 қазанда ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасы «Ғылым 0+» фестивалі аясында GeoGuessr географиялық ойыны бойынша турнир өткізді.

GeoGuessr – қатысушылар Google Street View қолданбасынан кездейсоқ панорамалық кескіндер негізінде әлем картасындағы орындарды табатын ойын.






Турнирге түрлі бағыттарда дайындалып жатқан студенттер қатысып, географиядан білімдерін және бағдарлау дағдыларын көрсетті.

Турнир екі кезеңнен тұрды: топтық кезең және плей-офф кезеңі. Топтық кезеңде қатысушылар 8 адамнан екі топқа бөлінді. Әр топтан үздік төрт команда плей-офф кезеңіне өтті. Топтық кезең ойындары «Әлем» картасында, ал плей-офф ойындары «Қазақстан» картасында өткізілді.

Турнирдің жеңімпаздары келесі студенттер:

1 орын – Рустам Жамбулов, Г-21;

2 орын – Александр Журавлев, Г-21;

3 орын – София Ким, Г-21.

Барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды: плей-оффқа өте алмағандарға жұбаныш сыйлықтары, ал финалдық кезеңге өткендер бағалы сыйлықтарға ие болды.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және сіздерді келесі турнирлерде күтеміз!