2024 жылғы 17 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Наука 0+» фестивалі аясында физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры Григорий Александрович Чечкин «Дифференциалдық теңдеулердің заманауи мәселелері және олардың қосымшалары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында профессор Г.А. Чечкин ММУ механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасы қызметкерлерінің қолданбалы ғылыми қызығушылықтары жөнінде айтып берді. Атап айтқанда, автор дифференциалдық теңдеулер қай жерде практикалық қолданысын таба алады деген сұраққа тоқталды. Олардың қатарында математикалық биология, электродинамиканың кері есептері, Дүниежүзілік мұхитты зерттеу, кен орындарын математикалық модельдеу, қаржылық математика, атмосфераның динамикасын зерттеу, фармацевтика, физика және басқа да ғылыми салалар бар.
Баяндаманың екінші бөлімінде баяндамашы өзінің соңғы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Г.А. Чечкин аралас типті Лаврентьев-Бицадзе теңдеуіне қолданылатын орташалау әдісі туралы айтты. Бұл теңдеу сонымен қатар бір компонентті сұйық зымыран қозғалтқышында сұйық отынның жануы кезінде болатын процестерді сипаттайды. Алынған нәтижелер зымыран қозғалтқышындағы жанармай жану процесінің бұрыннан белгілі үлгілерін растайды және осы процесті бұдан да нақты модельдеуге мүмкіндік береді.