2024 жылғы 10 қазанда ММУ Қазақстан филиалында биылғы оқу жылында студенттік экономикалық пікірталас клубының бірінші отырысы болып өтті, ол Бүкілресейлік «Ғылым 0+» фестивалі аясында өткізілді.
Филиалда студенттік экономикалық пікірталас клубы үшінші жыл жұмыс істейді. Клуб отырыстарында түрлі бағытта білім алып жатқан студенттер қазіргі экономика мен заманауи даму барысының өзекті мәселелерін талқылайды, ол мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіріп, ойларын ұштайды.
Студенттік экономикалық пікірталас клубының осы өткен отырысында қоғамның белгілі бір бөлігінің әл-ауқатын жоғалтуға әкелетін ресурстарды пайдалану және бөлу әдістері туралы күрделі шешім қабылдаудан тұратын экономика ғылымындағы тиімділік пен әділдіктің белгілі дилеммасы талқыланды. Бұл мәселені талқылауға «Экономика» мамандығының 1-курс студенттері қатысып, талқыланатын мәселенің шешіміне қатысты әртүрлі көзқарастарын көрсетіп, өз ұстанымдарын дәлелдей алды. Атап айтқанда, салық ауыртпалығын әр түрлі әлеуметтік топтарға тиімді және бір мезгілде әділ бөлу, тиімді өндіру әдістері мен әлеуметтік төлемдерді әділ бөлу, белгілі бір экономикалық шешімдерді қабылдаудан халықтың әртүрлі топтарының пайдасы мен шығыны сияқты мәселелер талқыланды.
Ағымдағы оқу жылында студенттердің экономикалық пікірталас клубының отырыстарын өткізуді жалғастыру жоспарлануда, оған ынта білдірушілердің барлығы шақырылады.
Экономика кафедрасының «Ғылым 0+» фестивалі аясындағы келесі іс-шарасы 2024 жылғы 18 қазанда өткізілген «Балама басқару шешімдерін әзірлеудегі ғылыми тәсілдер» тақырыбындағы іскерлік ойыны болды. Ойынды ұйымдастырушылар – экономика кафедрасының доценттері С.Е. Орынбасарова мен М.С. Айтенова.
Іскерлік ойын – нақты жағдайды модельдеу. Іскерлік ойын барысында қатысушылар маңызды шешімдер қабылдауда басқарушылық дарындылық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Ойын аяқталғанда студенттер қызықты іс-шараға дән ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ іскерлік ойындар олардың ұжымдық жұмыстың жаңа дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.