2024 жылғы 18 қазанда «Ғылым 0+» фестивалінің және Мәскеу университетінің 270 жылдығын мерекелеу аясында ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» әдеби клубының Мәскеу университетінің поэзиясына арналған кеңейтілген отырысы болып өтті. Клуб үйлестірушісі Галина Ивановна Власова атап өткендей, Мәскеу университетінің поэзиясы – Михаил Ломоносовтан бастап бүгінгі күнге дейін әр түрлі тарихи кезеңдерде ММУ-мен байланысты болған ақындардың шығармалары. «Мәскеу университетінің поэзиясы: Ломоносовқа дейін...» интернет-жобасы 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді және клуб отырысында талқылауға негіз болған аттас антологияның 8 кітабы жарық көрді.
Кездесудің қатысушылары – филология бағытының 1-2 курс студенттері, Мәскеу университетімен байланысты белгілі орыс ақындарының өмірбаяндары туралы айтып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Поэзия кешінің жүргізушілері «Тенгри» әдеби клубының төрайымы 2 курс студенті Александр Цындря мен «Тенгри» клубының мүшесі 2 курс студенті Карина Великанова шығармашылық әңгіме сұхбатын құра отырып, өлең оқығандарға кезегімен сөз беріп отырды.
Қазақстанда туып-өскен, ММУ-де білім алған ақын Бақыт Кенжеевтің де әдеби шығармашылығына тоқталудың ерекшелігі болды. Филология кафедрасының профессоры Татьяна Васильевна Кривощапова Бақыт Кенжеев туралы естелік айтып, оның әдеби шығармашылығында көрініс тапқан туған өлкесімен байланысы туралы баяндап берді. Сондай-ақ филиал студенттерінің ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген белсенді қызығушылығын атап өтті.
Профессор Г.И. Власова Мәскеу университетінің қабырғасында құрылған «Луч» әдеби студиясы туралы айта келіп, «Тенгри» әдеби клубының мақсаты да жас таланттарды ашу және әдеби шығармашылыққа қызығушылық танытқан студенттерге клубтың баспаға әзірленіп жатқан үшінші жинағында өз мәтіндерін жариялауға мүмкіндігін жасау екенін атап өтті.
Мәскеу университетінің ақындарын айта отырып, Қазақстан филиалының таланттарын да еске түсірді. 2011 жылы альма-матердің 10 жылдығына арналған «Пою тебе, мой Филиал – Саған арнаймын, Филиалым!» атты мерейтойлық альманах жарық көргенін, оған жастардың туындылары енгізілгенін атап өтті. Енді сол жылдардағы аға буынның өлеңдері қазіргі клуб мүшелерінің шабытына әсер ететін болуы әбден ықтимал.
Соңында «ашық микрофон» форматында, филология кафедрасының студенттері мен оқытушылары В. Брюсовтың, А. Тарковскийдің және Н.Гумилевтің сүйікті өлеңдерін оқыды.
Поэзия кеші үшін «Тенгри» әдеби клубының мүшелеріне алғыс білдіреміз және баршаңызды осындай кездесулерге қатысуға шақырамыз!
Фото: Е. Накоскина