2024 жылғы 21 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Филология» бағыты 4 курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша есеп беру конференциясы болып өтті.
Педагогическая практика является обязательной производственной практикой студентов-филологов. Ее успешной реализации способствуют как специальные дисциплины («Методика преподавания русского языка и литературы», «Психология и педагогика»), так и весь спектр лингвистических и литературоведческих дисциплин, которые студенты осваивают на протяжении обучения.
Педагогикалық практика филология студенттерінің міндетті өндірістік практикасы болып табылады. Оның сәтті жүзеге асырылуына студенттер оқу барысында игеретін арнайы пәндер де («Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», «Психология және педагогика»), лингвистикалық және әдеби пәндердің барлығы ықпал етеді.
Биыл Филиал студенттерінің тәжірибелік базасы ретінде Астана қаласындағы №6 гимназия бекітілген болатын. Бұл мектеп қабырғасында жылдар бойы филолог студенттер өз алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, Филиал №30 мектеп-гимназиямен ынтымақтастығын жалғастырып, ал биылдан бастап Т.Бигелдинов атындағы №1 лицеймен бірлесіп жұмыс жасау сәтті жолға қойылды.
Практикант-студенттеріне мектептің орта және жоғары буындарында орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту міндеті жүктелді. Мектептегі тәжірибесі мол, педагогикалық шеберлігі жоғары тәлімгер-мұғалімдер студенттерге әдістемелік қолдау жасап, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгерулерінде көмек көрсетті.
Тәлімгер-мұғалімдер Филиал студенттерінің өз сабақтарына тиянақты дайындалып, сабақты барынша нәтижелі және қызықты өткізуге деген қызығушылықтарының жоғары екенін жыл сайын атап өтеді. Практикант-студенттер сабақ жоспарлары мен қорытынды жұмыстарды әзірлеуде жоғары теориялық дайындықтарын көрсетті.
Есеп беру конференциясында студенттер өздерінің жеке тәжірибесі туралы айтып, жетістіктерімен бөлісті, практикадағы ең қиын кезеңдерін сипаттады (сыныппен танысу, алғашқы өзіндік сабақтар, бағалау). Бұрынғы филология факультетінің студенттері сияқты бұл практикадан өтіп келгендер де бірауыздан филология саласындағы өз меңгерген академиялық білімін оқушының қабылдау деңгейіне бейімдеу, дәріс оқу формасына көп жүгінбеу, балалардың қателерін дер кезінде байқап, оны дер кезінде түзету екенін айтады. Соған қоса, олардың ойынша,сабақ материалын оқушылар меңгеріп, тақырып бойынша жұмыс нәтижесі көрініп, оқушылардың келесі сабақты қызыға күткен кезіндегі сезіммен салыстыратын ештеңе жоқ.
Филиалдың практика өткізудегі жетекшілері филология кафедрасының оқытушылары М.А. Брянская, А.В. Семенова, Г.П. Байғарина – студенттердің өндірістік практикадан өткен есеп беру кезеңінде өздері қатысқан сабақтарын жоғары бағалап, талдау жасады. Мектептегі жұмысының соңында жас мұғалімдер оқушыларды «көруді» және «естуді» және жаңа материалды қолжетімді түрде жеткізуді үйренгендігі атап өтілді.
Есептік конференцияға қатысқан филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова практикадан өту кезінде жинақталған тәжірибе студенттерге кәсіби тұрғыдан көмектесетініне сенім білдірді, ал кейбір ерекше табысты практикадан өткендер келесі оқу жылында мұғалім ретінде сыныптарға еркін кіре алады.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы. Астана қаласындағы №o6 гимназия, №30 мектеп-гимназия, Т. Бигелдинов атындағы №1 лицей әкімшілігіне және жеке орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Т.Б. Васильева, М.Н. Степанова, Н.В. Деревянко, А.Д. Денисенко, Н.А. Гой және Н.В. Шкуропатоваға кәсіби шеберлігі мен студенттермен бөліскен баға жетпес тәжірибесі үшін өз ризашылығын білдіреді.
Фото: Е.С. Воронова