Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Қазақ тілі апталығы өтті


2024 жылғы 16-23 қазан аралығында Филология кафедрасының қазақ тілі оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне арналған Қазақ тілі апталығы өткізілді. Апталық аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, викториналар, ән байқауы және Абай шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Қазақ тілі апталығына оқытудың барлық бағыттарының студенттері мен магистранттары қатысты.





Қазақ тілі апталығы «Мен қазақша сөйлеймін» акциясымен басталды. Оған студенттер, оқытушылар және филиал қызметкерлері қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін көрсетті. «Филология» бағдарламасының 1 курс студенттері Ясмин Сүлейменова, Арина Железнова, Ерке Зайнуллина және Аделина Граблева бұл шараға үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен дайындалып өткізді.

«Экономика» мамандығының бірінші курс студенттеріне доцент С.К. Кенжемұратова 6 турдан тұратын «Тапқыр достар» интеллектуалдық викторинасын өткізді.

Аға оқытушы Қ.М. Қажыбаева мен ф.ғ.к. А.Ш. Аскарова «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттеріне «Тіл білгірі» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып өткізді.

Сондай-ақ экономика және филология факультеттерінің 1 курс студенттері қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді меңгеру бойынша сайысқа түсті.

Апталықтың тағы бір іс-шарасы ретінде «Туған жерім – алтын бесігім» аты байқауы болды. Оған қатысқан студенттер қазақ тілінде туған жер туралы көркем поэзиялық туындыларды оқыды, әндер орындады. Студенттер музыкалық шығармалар орындап, қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін жатқа айтты.

Филология кафедрасының профессоры Н.Ж. Құрман филология мамандығының магистранттарына «25 қазан – Республика күні» атты интерактивтік дәріс өткізді.

23 қазанда мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында ММУ Қазақстан филиалы  және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, «Абай Құнанбайұлы шығармашылығының қазіргі қазақстандық қоғамды дамытудағы маңызы» атты ғылыми дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын оның Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды және бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастыруға ықпалы тұрғысынан зерттеу.

Апталықтың дәстүрлі түрде Апталықтың іс-шараларына ең белсенді қатысушыларды салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында өткізілетін Қазақ тілі апталығы студенттердің қазақша сөйлеу тілін дамытуға, ой-өрісін дамытуға және қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы жаңа құнды білім алуға мүмкіндік беретін іргелі дәстүрлердің біріне айналды. Студенттердің Қазақ тілі апталығына белсенді қатысуы ММУ Қазақстан филиалының көп ұлтты үлкен отбасы екенін дәлелдейді.