2024 жылғы 19 қазанда ММУ Қазақстан филиалында «Ғылым 0+» Фестивалі аясында бағдарламалаудан ашық турнир өткізілді. Филиалдың математикалық бағыт студенттері қатысқан турнирді «Математикалық модельдеу» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Турнир барысында қатысушылар алгоритмдер мен бағдарламалау дағдылары туралы білімдерін көрсетуі тиіс болды. Турнир екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушыларға «ашкөз» алгоритмдерді, іздеу алгоритмдерін, оңтайландыруды және динамикалық бағдарламалауды меңгеруге байланысты есептерді шешу тапсырылды.
Турнирдің екінші кезеңінде қатысушылар ойын теориясы мен сыни ойлау дағдыларын талап ететін, өздері жазған шағын бот арқылы берілген өзгермелі жағдаяттарда шешім қабылдау бойынша өзара жарысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1-дәрежелі дипломдармен келесі студенттер марапатталды:
Дю Василий Андреевич (Қолданбалы математика және информатика мамандығының 2 курс студенті);
Подлужный Олег Максимович (Қолданбалы математика және информатика бағытының 2 курс студенті).
2-дәрежелі дипломдармен келесі студенттер марапатталды:
Нұрмұхамбетов Ескендір Азаматұлы (1 курс студенті, математика);
Сақпанов Диас (1 курс студенті, математика);
Смирнов Михаил Андреевич (Қолданбалы математика және информатика мамандығының 2 курс студенті);
Стишак Олег Александрович (Қолданбалы математика және информатика мамандығының 1 курс студенті);
Тәжібеков Әмірхан Ескендірұлы (1 курс студенті, математика).
Тюкин Владислав Денисович (Қолданбалы математика және информатика мамандығының 2 курс студенті).
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және келесі турнирлерде күтеміз!
Фото: Математикалық модельдеу кафедрасы
Амина Карбузова