Мәскеу университетінің Қазақстан филиалы талапкерлерді шақырады. Филиалдың жаңа ғимаратындағы Ашық есік күні!


2024 жылғы 1 желтоқсанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Ашық есік күні болып өтті. Жексенбілік таңмен қонақтар мен қатысушыларды Филиалдың жаңа ғимаратында ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері қарсы алды.

Филиалдың жаңа ғимаратының қабырғасында өткізілген Ашық есік күні болашақта оқуға түсуге үміткерлермен және олардың ата-аналарымен биылғы оқу жылындағы алғашқы кездесуі болды.






Қазақстан филиалының директоры, ММУ университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович өзінің құттықтау сөзінде:

– Құрметті талапкерлер, сіздерді осы залда қарсы алғаныма қуаныштымын! Біздің осы кездесуіміздің 2025 жылғы 25 қаңтарда өтетін Мәскеу университетінің 270 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің символдық мәні бар, - деп атап өтті. Әрі қарай өз сөзінде Директор Мәскеу университетінің тарихы туралы, біздің Филиалымыздың артықшылықтары туралы, бакалавриат пен магистратурада оқу траекториясы жөнінде кең баяндады. ММУ Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасының экономикасы үшін мамандар дайындайтынына баса назар аударды.

Директордың Ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Бисембина Динара Асқарқызы өз сөзінде Филиал өткізетін Олимпиадалардың түлектерге қандай мүмкіндіктер ұсынатындығы жөнінде атап көрсетті. Сонымен бірге Филиалда жұмыс жасап жатқан ММУ Жасөспірімдер мектебінің жұмысы туралы баяндады.

Ашық есік күніне келген оқушылары мен олардың ата-аналарына олимпиадалар мен конкурстар, қабылдау тәртібіндегі өзгерістер, дайындық курстары, Филиалда жұмыс істейтін Жасөспірімдер мектебі туралы мол ақпарат беріліп, директордың орынбасары талапкерлерді біздің Филиалға оқуға түсуге шақырды.

Ашық есік күні Мәскеу университеті факультеттерінің өкілдері жасаған баяндамаға ұласты. Университет бағыттарының әрқайсысында оқудың ерекшеліктері туралы, мансаптық өсу мен оқуға түсуге қажетті дағдылар туралы механика-математика факультетінің доценті Максим Петрович Заплетин, есептеу математикасы және кибернетика факультетінің доценті Леонид Владимирович Крицков; география факультетінің профессоры Сергей Романович Чалов және шетел тілдері және аймақтану факультетінің профессоры Андрей Эдуардович Левицкий баяндады.

Кездесу соңында Филиал директоры әлеуметтік желілерге келіп түскен және залдағы көрермендер берген сұрақтарға жауап берді. Содан кейін лотерея ұтысы ойнатылды және Филиалдың әлеуметтік желілерінде жүргізілген ММУ 270 жылдығына арналған викторина жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.

Осыдан соң талапкерлер оқыту бағыттары бойынша кафедра оқытушыларымен кездесіп, Филиалға түсуге дайындық барысы туралы, Филиалдағы практика мен студенттік өмір туралы нақты ақпараттар алды.

Қатысқан қонақтарымызға алғыс айтамыз және ММУ Қазақстан филиалының қабырғасында жаңа кездесулерде күтеміз!

Loading...