Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В.И.Матвиенконың Филиал директоры А.В. Сидоровичпен кездесуі






2024 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстанға ресми сапары аясында Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Ивановна Матвиенко бастаған Федерация Кеңесі делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды. Онда Федерация Кеңесінің Төрағасы жоғары білім саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық экспозициясымен және М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының фотокөрмесімен танысты. Фотокөрмені Филиал директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры Александр Владимирович Сидорович таныстырды. Филиал директоры Федерация Кеңесінің Төрайымы В.И.Матвиенкоға Мәскеу университетінің Қазақстандық филиалының қалыптасу жолы мен даму тарихы туралы, оның негізгі жетістіктері туралы айтып берді, Филиалдың білім беру жүйесімен, қызметінің бағыттарымен және Филиалдың қол жеткізген нәтижелерімен таныстырды.

ММУ Қазақстан филиалы ұсынған экспозиция Федерация Кеңесі делегациясының үлкен қызығушылығын тудырды.