2016 жылғы 22 қазан күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында филология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің профессоры Ирина Михайловна Кобозеваның көпшілікке арналған дәрістері өткізілді.
Көпшілікке арналған дәрістер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 15 жылдығына арналған Мәскеу университетінің Қазақстандағы күндері іс-шарасы Бағдарламасының бөлшегіне айналды.
Ғалымның дәрісін тыңдауға ММУ Қазақстан филиалы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары, докторанттар, студенттер қатысты. Олардың арасында ЕҰУ филология факультетінің деканы Ш.Қ. Жарқынбекова, ЕҰУ Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының меңгерушісі Е.А.Журавлева, Филиал директорының орынбасары Т.Г.Котлярова, филология кафедрасының меңгерушісі Г.И.Власова қатысқанын атап өтеміз.