22 қыркүйекте М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында (Астана қ.) жоғары мектептегі заманауи экономикалық білім беру және жаңа экономиканың сын-тегеуріндері туралы мәселелерге арналған Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Мұндай ірі де игілікті іс-шараны М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мен Қазақстан Республикасының Экономикалық ғылымдар Академиясы бірігіп ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан ЖОО басшылары, Мәскеу университеті мен Қазақстан университетінің профессорлары мен оқытушылары, Университеттердің еуразиялық ассоциациясынан ЖОО және бірқатар экономикалық институттар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысын М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, Университеттердің еуразиялық ассоциациясының Атқарушы комитетінің Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Владимирович Сидорович ашты. Өз сөзінде ол жоғары мектеп қызметкерлері мен практиктердің осынау заманауи мәселелер жағдайында, технология мен экономиканың дамуында түбегейлі өзгерістер болып жатқан уақытта кездесу өткізілуінің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жоғары мектептегі экономикалық білім берумен байланысты кең арналы мәселелерді, атап айтқанда, экономикалық білім берудің университеттік жүйесі, цифрлық экономика жағдайындағы экономистерді дайындауда болатын өзгерістер туралы, зияткерлік ортаны қалыптастырудағы экономика ғылымының рөлі туралы, сонымен бірге экономикалық білім берудің тағы басқа өзектілігіне байланысты мәселелер қарастырылды.
Дөңгелек үстелдің модераторы М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович болды.