Мәскеу мемлекеттік университетінің тұтас тарихы мәдениет нысандарына оқу және тәрбие үдерісінің белсенді қатысушылары ретінде өзінің назарын демонстрациялаумен ерекшеленеді.
ММУ Қазақстан филиалы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тұжырымды қағидаттарды жүзеге асыру мақсатында қабылданған әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен тәрбиелеу Тұжырымдамасы жекелеген әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді мұражайларда, театрларда, көрмелер мен концерт залдарында өткізуді қарастырады.
2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде профессор, тарих ғылымдарының докторы А.И. Оразбаева «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 1 курс экономистер мен 2 курс географ-студенттерге шолу дәрістерін өткізді. Музей мамандары А. Султанова мен А. Дарбаева студенттерге «Қазақстаннның ежелгі және ортағасырлық тарихы», «Тарих», «Этнография» залдарын аралады.