13.10.2017

ММУ Қазақстан филиалы Томск Ұлттық зерттеушілік мемлекеттік университетімен ынтымақтастығын нығайтуда


2017 жылғы 13 қазанда профессор Ж.А. Ермекбай Томск Ұлттық зерттеушілік мемлекеттік университетінің Д 212.267.18. 07.00.10 – «Ғылым мен техника тарихы» шифры бойынша диссертациялық кеңесінің мәжілісінде М.О. Абсеметовтің «1941-1945 жылдарда Қазақ ССР-іне эвакуацияланған ғалымдардың қызметі» атты докторлық диссертациясында бірінші оппонент ретінде сөз сөйледі.

 Ресейде 07.00.10 – «Ғылым мен техника тарихы» шифры бойынша екі диссертациялық кеңес жұмыс жасайды: оның бірі – Томскіде, екіншісі – Мәскеуде. Осы шифр бойынша қорғаған ізденушілер саны Ресейде – 9, ал М.О. Абсеметов – Қазақстан бойынша осы шифрден диссертация қорғаған алғашқы доктор болып табылады. 


[нақтырақ]