А.В. Сидорович принял участие в конференции «Евразийская интеграция» 31.10.2017

Филиал директоры профессор А.В. Сидорович «Еуразиялық интеграция» атты беделді халықаралық конференцияға қатысты


2017 жылғы 31 қазанда Мәскеуде Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) ұйымдастырумен ХІІ «Еуразиялық интеграция» атты Халықаралық конференция өткізілді.

Конференция еуразиялық интеграцияның одан әрі қарай даму мәселелерін талқылауға арналды. Басты назар ЕАЭС дамуының бағыттары мен проблемаларына аударылды. Конференцияның Пленарлық мәжілісі осы мәселелерді талқылауға арналды. Оған арнайы қонақтар мен үкімет органдарының өкілдерінің арасындағы жетекші спикерлер, халықаралық ұйымдар, сарапшы қауымдастықтар және жоғары оқу орындары өкілдері қатысты.

Александр Сидорович «Бірыңғай гуманитарлық еуразиялық кеңістікті қалыптастыру» атты дөңгелек үстелдің спикері болды және «Еуразиялық экономикалық одақтағы гуманитарлық ынтымақтастық» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада ол гуманитарлық ынтымақтастықтың ерекшеліктерін ЕАЭС мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылу факторлары ретінде қарастырды.


[нақтырақ...]