08.11.2017

Филиал Қазақстан және Ресей ректорларының Форумына қатысты


20171108_031s.jpg


2017 жылғы 8 қарашада Челябинск қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының ХIV Форумы аясында Ресей ректорлары одағының президенті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры академик В.А. Садовничийдің және Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдықовтың төрағалық етуімен Ресей мен Қазақстан ЖОО ректорларының Форумы өткізілді. Форумға Филиалдың директоры профессор А.В. Сидорович қатысты.


Адами капиталдың дамуы мәселесіне арналған форумның жұмысына 250 адам қатысты, олар 77 ресейлік және 49 қазақстандық ЖОО өкілдері болатын. Форумға қатысушыларға арналған қошемет сөздерінде Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрі О.Ю. Васильева мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев адами капиталды қалыптастыруда жоғары білім беру маңызды орын алатынын және жоғары білім әрдайым заман талабы мен үдесінен шығуы тиіс екендігін атап өтті. Олар ресейлік және қазақстандық ЖОО-ларды іргелі ғылымды дамытуда, мамандарды дайындау және қайта дайындау салаларында өзара тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды.


Форум барысында Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрі О.Ю. Васильева мен ММУ ректоры академик В.А. Садовничий келіп көрген Филиалдың қызметі жөнінде экспозиция көрсетіліп таныстырылды.


[нақтырақ]